Автор: ADMIN
Google-ға тосқауыл: Техас 1,4 миллиард доллар өтемақы өндіріп алды
Технология алыбы Google Техас штатындағы заңсыз әрекеттері үшін қомақты өтемақы төлеуге мәжбүр болды. Компания жергілікті тұрғындардың рұқсатынсыз деректерін жинағаны үшін 1,4 миллиард доллар көлемінде өтеу төлеуге келісті. Бұл туралы штаттың бас прокуроры Кен Пакстон ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Google пайдаланушылардың геолокациясын, дауыс пен бет құрылымын, сондай-ақ іздеу тарихын жасырын түрде бақылап отырған. Прокурор Пакстон мұны заңсыз әрекет деп бағалап, технологиялық алпауыттар да заң алдында жауап беруі керек екенін айтты.
Келісім 2022 жылы басталған бірнеше талапты қамтиды:
– Геолокацияны рұқсатсыз пайдалану
– Инкогнито режимін теріс қолдану
– Биометриялық деректерді заңсыз сақтау
Google не дейді?
Компания өкілі бұл шағымдар бұрынғы өнім саясатымен байланысты екенін және бүгінде олардың көпшілігі өзгергенін айтты. Сонымен қатар, Google келісім аясында ешқандай қосымша технологиялық өзгеріс енгізбейді.
Бұл – Техастың Google-мен жасаған ең ірі келісімі. Бұған дейін, 2023 жылы компания Android нарығындағы монополия үшін 700 млн доллар төлеген. Meta компаниясы да осыған ұқсас себеппен дәл осындай көлемде өтемақы төлеген болатын.
ІТ-алыптарға бұл – кезекті ескерту: жеке деректерге құрметсіздік – қымбатқа түседі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Sır önerpazdarı Şveycariya sahnasında
Respublika küni qarsañında Almatıda tört zamanaui mektep aşıldı
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу