Автор: ADMIN
Қазақ ескекшілері Азияны дүр сілкіндірді: Қазақстан Қытайдан кейінгі екінші орынға тұрақтады
Қытайдың Наньчан қаласында байдарка және каноэде ескек есуден өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алып, құрлықтың басты бәсекесінде жалпы есепте Қытайдан кейінгі екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Отандастарымыз 4 алтын, 4 күміс және 4 қола еншіледі. Чемпионатқа 20 елден 340 спортшы қатысып, жарыс аса тартысты өтті.
Чемпион атанғандар:
• Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова – байдарка, 500 м
• Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко – байдарка, 500 м
• Сергей Емельянов пен Руфина Искакова – каноэ, 500 м
• Әйелдер құрамасы – байдарка, 500 м
Күміс жүлдегерлер:
• Бекарыс Раматулла – байдарка, 500 м
• Виктор Степанов – каноэ, 200 м
• Стелла Суханова – байдарка, 1000 м
• Сергей Емельянов пен Полат Төребеков – каноэ, 500 м
Қола жүлдегерлер:
• Ольга Шмелёва – байдарка, 200 м
• Мария Бровкова – каноэ, 500 м
• 4×микст (байдарка және каноэ) құрамалары – 500 м
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов жарыс туралы пікір білдіріп:
«Төрт алтынның екеуі – Олимпиада бағдарламасындағы қашықтықтарда. Команданың жартысына жуығы – жастар. Қазір соларды негізгі құрамға қосуға күш салып жатырмыз», – деді.
ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Сұлтанбеков те жастардың белсенділігіне жоғары баға беріп, алдағы 23 жасқа дейінгі чемпионатта үлкен үміт күтетінін жеткізді.
Қазақстанның соңғы 5 Азия чемпионатындағы көрсеткіші:
• Токио-2024: 6 алтын, 3 күміс, 2 қола (1-орын)
• Районг-2022: 10 алтын, 8 күміс, 10 қола (2-орын)
• Шанхай-2017: 10 алтын, 4 күміс, 3 қола (1-орын)
• Палембанг-2015: 5 алтын, 4 күміс, 1 қола (1-орын)
• Самарқанд-2013: 6 алтын, 8 күміс, 7 қола (2-орын)
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo