Автор: ADMIN
Оқ тоқтады: Үндістан мен Пәкістан бейбіт келісімге келді
Оңтүстік Азияда жағдай тыныштала бастады. Үндістан мен Пәкістан атысты толық және дереу тоқтату туралы келісімге келді. Бұл келісім екі ел арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне үміт отын жақты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхақ Дар X әлеуметтік желісінде:
“Пәкістан мен Үндістан атысты шұғыл тоқтатуға келісті. Пәкістан әрқашан аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ұмтылды”, – деп жазды.
Үндістан тарапы да келісімді растады. Елдің сыртқы істер министрі Викрам Мисри екі елдің әскери басшылары келіссөз жүргізіп, ұрыс әрекеттерін тоқтату туралы ортақ шешімге келгенін мәлімдеді.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бұл процесте маңызды рөл атқарғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғысын білдірді.
Бұл келісім – ядролық қаруы бар қос мемлекеттің арасында тұрақтылық орнатуға жасалған маңызды қадам. Сарапшылар енді тараптар ұзақмерзімді бейбіт диалогқа көшеді деп үміттенеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Конституция жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті
پو پروەكتۋ كونستيتۋتسيي پوستۋپيلو بولەە 10 تىسياچ وبراщەنيي
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy