Автор: ADMIN
Азия чемпионаты басталды: Қазақстан жас боксшылары жеңіс үшін шаршы алаңда!
12 мамырда Шри-Ланканың астанасы Коломбода 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты басталды. Жарыс 24 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бұл сында ерлер де, әйелдер де барлық салмақ дәрежесінде толық құраммен бақ сынауда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сары құрлықтың басты бәсекесіне 23 елдің үміткер спортшылары қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күндері-ақ тартысты жекпе-жектермен есте қалды.
Бірінші күннің басты нәтижелері:
• 54 келі салмақта Кенже Мұратұлы Қырғызстандық Зафарбек Камиловқа қарсы жекпе-жекте ұпай айырмасымен жеңіліп қалды. Қарсылас келесі кезеңге өтті.
• 60 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Қалдыбаев Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. Ол Непалдық Вангди Шерпаны екінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Келесі жекпе-жегінде Қалдыбаев IBA бейтарап командасының боксшысы Ахмад Мұхаммедпен кездеседі.
• Әйелдер арасындағы 50 келі салмақта Гүлнар Тұрапбай Сауд Арабиясының өкілі Яра Аламриді жеңіп, келесі кезеңге өтті. Гүлнар – осы салмақтағы қазіргі Азия чемпионы, енді ол атағын қорғауға ниетті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu