Автор: ADMIN
Астанада алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтуде

Астанада тарихта алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты – IBSA Judo World Championships Astana 2025 басталды. Бұл – елімізде ұйымдастырылған парадзюдо бойынша ең ірі халықаралық дода, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Төрт жылда бір өтетін бұл турнир Паралимпиададан кейінгі ең беделді жарыс саналады. Астанадағы чемпионатқа әлемнің 40-қа жуық елінен 350-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында 10 Паралимпиада чемпионы мен 12 жүлдегер бар.
Чемпионаттың мақсаты – спортшыларға әлемдік рейтинг ұпайын жинауға және 2024 жылғы Париж паралимпиадасынан кейінгі жаңа циклге жол ашуға мүмкіндік беру.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыстың маңыздылығын атап өтіп, былай деді:
“Дзюдо елімізде жақсы дамып келеді. Ұлттық құрамамыз Париждегі паралимпиадада 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл жеңістер осындай ауқымды жарыстарды Қазақстанда өткізуге жол ашты”.
Жарыс салмақ дәрежелері бойынша өтуде:
• Ерлер: 70 кг, 81 кг, 95 кг, +95 кг
• Әйелдер: 52 кг, 60 кг, 70 кг, +70 кг
• Тәжірибелік салмақтар (Олимпиада бағдарламасына кірмейді): Ерлер – 64 кг, әйелдер – 46 кг
Жарыс IBSA, Халықаралық дзюдо федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан дзюдо федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
IBSA Judo World Championships Astana 2025 – тек спорттық емес, әлеуметтік маңызы зор шара. Чемпионат инклюзивті қоғам қалыптастыруға, параспортқа деген қолдауды арттыруға бағытталған.
Жарыс аясында шетелдік делегациялар мен қонақтар үшін Астананың туристік нысандарымен таныстыру, мәдени бағдарламалар, инклюзия тақырыбына арналған жобалар мен еріктілер жұмысы да жоспарланған.
Бұл чемпионат Қазақстандағы параспортты жаңа деңгейге көтеріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасты өзгертуге үлес қоспақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

47 ۋنيۆەرسيتەت: شىمكەنتتىك ومىرباي بەرگەيگە الەم ەسىگىن اشتى

Qazaq-Resey qatınası: Şolpan-Atadağı mañızdı kezdesu
Последние новости

47 universitet: Şımkenttik Ömirbay Bergeyge älem esigin aştı

47 ۋنيۆەرسيتەت: شىمكەنتتىك ومىرباي بەرگەيگە الەم ەسىگىن اشتى

Qazaq-Resey qatınası: Şolpan-Atadağı mañızdı kezdesu