Автор: ADMIN
Артём Антропов Азияның күмісін олжалады

Қазақстандық ауыр атлет Артём Антропов Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта тамаша нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Артём қоссайыста 386 келіні (жұлқа – 165 кг, серпе – 221 кг) көтеріп, тек Олимпиада чемпионы, қытайлық Лю Хуаньхуаға ғана есе жіберді. Жергілікті фаворит 410 келіні (180+230) еңсеріп, алтын алды. Қола жүлде түркіменстандық Давранбек Хасанбаевқа бұйырды (377 келі – 182+195).
Антропов бұл чемпионатта жұлқа көтеруде – күміс, ал серпе көтеруде – қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін 73 келі салмақта Пётр Хребтов те қола жүлдегер атанған болатын. Ал алда Ақерке Байманап пен Любовь Ковальчук өз бақтарын сынайды. Биылғы жарысқа 200-ден астам зілтемірші қатысуда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qızılordada Qarilar bayqauı ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى
Последние новости

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті