Автор: ADMIN
ChatGPT әлемдегі ТОП-5 сайттың қатарына кірді
Жасанды интеллектке деген жаһандық қызығушылықтың қаншалықты артқанын дәлелдейтін нақты дерек: ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын бес сайттың қатарына енді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Similarweb компаниясының 2025 жылғы сәуір айына жасаған талдауына сәйкес, ChatGPT сайтына бір айда 4,8 миллиардқа жуық адам кірген. Бұл — бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Осылайша, ChatGPT Google, YouTube, Facebook және Instagram-нан кейін бесінші орынға жайғасты.
Пайдаланушылар бұл платформада орта есеппен 7 минут 15 секунд отырып, бір сессияда 4 бетті қарайды. Ал тек бір бетпен шектелетіндердің үлесі — 29,59%.
Төрт алпауыттың көрсеткіштері:
• Google — 1-орын. Кірген адам орта есеппен 10 минут 31 секунд уақытын жұмсайды (8,91 бет).
• YouTube — 2-орын. Бір қолданушы платформада 20 минуттан астам уақыт өткізеді (13,15 бет).
• Facebook пен Instagram — тиісінше 3 және 4-орында. Facebook қолданушылары 13,53 бет қарайды, Instagram — 13,38 бет.
Алғаш рет ТОП-5 қатарына еніп отырған ChatGPT — бұл тізімде өзіндік ерекшелігімен дараланды: ол — әлеуметтік желі емес, іздеу жүйесі де емес, жасанды интеллектке негізделген сервис. Демек, әлем қазір тек ақпарат іздеумен немесе желіде уақыt өткізумен шектелмей, AI-мен тікелей жұмыс істеуге көше бастағанын көрсетіп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı