Автор: ADMIN
23,36 секунд – Әділбек Мусин Қазақстан рекордын тағы жаңартты!
Қазақстандық танымал жүзуші, ұлттық құраманың көшбасшысы Әділбек Мусин тағы да ел рекордын жаңартты. Бұл жолы ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықты небәрі 23,36 секундта жүзіп өтіп, өзіне тиесілі бұрынғы рекордты (23,40 сек) жаңартты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа нәтиже Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында тіркелді. Спортшының айтуынша, бұл — жоспарлы дайындықтың және үздіксіз еңбектің жемісі.
Мусиннің алтын сериясы жалғасуда: ол осы чемпионатта 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзіп, екі алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, жуырда өткен Грекиядағы халықаралық турнирде де Қазақстан құрамасы 8 медаль еншілеген болатын. Соның ішінде Мусиннің де үлесі бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu