Автор: ADMIN
Көшеде күдіктіні көрдің бе? Хабарласаң – марапат аласың!
Қазақстанда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматтар алғыс хатпен, бағалы сыйлықпен немесе ақшалай сыйақымен марапатталатын болады. Бұл жаңа заң жобасында қарастырылған бастама, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Егер көшеде күдікті әрекет байқап, полицияға дер кезінде хабар берсеңіз – марапатқа ие бола аласыз. Бұрын құқық бұзушылықпен күрес тек полицейлердің құзырында болса, енді бұл іске:
– мектеп пен аурухана қызметкерлері,
– бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,
– қарапайым тұрғындар да тартылады.
Олар қоғамдық көмекші ретінде:
– көшедегі тәртіпті бақылайды,
– түсіндіру жұмыстарын жүргізеді,
– құқықбұзушылыққа бейім адамдарды анықтауға көмектеседі.
Сыйақы қалай беріледі?
Әр өңірде арнайы комиссиялар құрылып, марапат иелерін іріктейді. Жергілікті әкімдіктер сыйақының мөлшерін және қаншалықты жиі берілетінін өздері белгілейді. Мысалы, тоқсанына бір рет сыйақы беруі мүмкін.
Қоғамдық көмекшілерге тұрақты жалақы төленбейді. Олар тек сыйақы жүйесімен ынталандырылады.
“Жүйелі түрде көмектескендердің тізімін ІІМ жолдап отырады. Комиссия сол бойынша шешім қабылдайды”, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
28 қазан – Халықаралық анимация күні
Qazaqstan delegaciyası Türki äleminiñ II Jastar forumına qatıstı
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения