Автор: ADMIN
Қазақ қызы Азияны бағындырды: Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан алтын алды

Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық жас спортшы Айбота Ертайқызы алтын медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем етті. Ол лентамен өнер көрсету сайысында 28.150 ұпай жинап, барлық қарсыласын артта қалдырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл жеңіс жайлы Қазақстанның спорт комитеті хабарлады.
Айботаның басты қарсыластары – өзбекстандық Наталья Усова (27.550 ұпай) және жапониялық Рейна Матсусаки (27.200 ұпай) тиісінше екінші және үшінші орындарды еншіледі. Ал тағы бір қазақстандық гимнаст Айым Мейіржанова 27.000 ұпаймен төртінші орыннан көрінді.
Айбота Ертайқызы бұл жеңісімен тоқтап қалмады: көпсайыс нәтижесі бойынша да қола медаль иеленіп, төрт жаттығудан 82.200 ұпай жинады.
Айбота — 2004 жылы туған, жас та болса, ел намысын биік деңгейде қорғап жүрген спортшы. Бұған дейін де Ташкентте өткен құрлықтық жарыста чемпион атанып, бірнеше мәрте күміс пен қола медальдар алған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Jalğan diplom – jarqın bolaşaqqa jasalğan qauip!

Astanada “Ortalıq Aziya – Italiya” sammiti bastaldı

Алматы 5 аймаққа бөлінеді: Қала қайда және қалай дамиды?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет