Автор: ADMIN
Зарина Диас Жапонияда топ жарды: әлемнің үздік теннисшілерін шаң қаптырды
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 турнирінің чемпионы атанды. Әлемдік рейтингте 318-орында тұрған спортшымыз финалда жергілікті фаворитті – жапониялық Аяно Шимицуды (WTA №288) тізе бүктірді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Матч басталғанда қарсылас 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина бірінші сетте есепті 6:4 етіп өз пайдасына шешті. Екінші партияда да Шимицу 2:0, кейін 3:1 есебімен көш бастап еді, алайда тәжірибелі қазақстандық шабуылын үдетіп, 6:3 нәтижесімен матчты аяқтады.
Финалдық кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.
Бұл жеңіс — Зараның соңғы жылдардағы ең ірі табыстарының бірі. Ол ұзақ үзілістен кейін кәсіби деңгейде оралып, өз бабында екенін дәлелдеп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu