Автор: ADMIN
COVID қайта келе ме? Қазақстанда жыл басынан бері 300-ден астам адам ауырған
Коронавирус ұмытылғандай көрінгенімен, елде инфекция толығымен жойылған жоқ. Жыл басынан бері 329 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметінше, эпидемиологиялық ахуал әзірге тұрақты, апта сайын орта есеппен 25 жағдай тіркелуде. Аурудан қайтыс болғандар жоқ.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда екі науқас ем қабылдап жатыр, жағдайлары – орташа ауыр. Еліміздегі инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындардың 27%-ы, ал реанимация бөлімінің 2%-ы ғана бос емес.
Еске салайық, пандемия басталғалы бері Қазақстанда 1,4 миллионға жуық адам коронавируспен ауырған, олардың 19 мыңнан астамы індет салдарынан көз жұмды.
Мамандар тыныс алу жолдарының кез келген ауруы кезінде дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Вирус толығымен жоғалған жоқ, сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu