Автор: ADMIN
Зейнетке дейін қаржылай демеу: кімдер ала алады?
2024 жылдан бастап елімізде ауыр және зиянды еңбек жағдайында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген азаматтар арнайы әлеуметтік төлем ала бастады. Бұл төлем олардың денсаулығына келген залалды аз да болса өтеп, зейнетке шыққанға дейінгі кезеңде материалдық көмек ретінде қарастырылған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Кімдер ала алады?
Төлемді алу үшін екі негізгі шарт бар:
• Азаматтың жасы кемінде 55 болуы тиіс;
• Зейнетақы қорында (БЖЗҚ) кемінде 7 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсуі қажет.
Төлем қалай есептеледі?
Арнайы төлем бір ғана көзден емес, төрт түрлі қайнардан құралады:
• Мемлекеттен – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
• Сақтандыру компаниясынан – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
• Жұмыс берушіден – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
• БЖЗҚ-дан – міндетті кәсіптік жарналар есебінен.
Бұл төлем зейнет жасына жеткенге дейін төленеді. Бірақ бір маңызды талап бар – азамат зиянды жұмыс орнын тастауы тиіс. Егер ол жеңіл жұмысқа ауысса, төлем жалақымен бірге қоса төлене береді. Ал мүлде жұмыс істемесе, төлем толық сақталады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
28 قازان – حالىقارالىق انيماتسييا كۇنى
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
Qazaqstan delegaciyası Türki äleminiñ II Jastar forumına qatıstı
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения