Автор: ADMIN
Мультфильм емес – миға шабуыл: зиянды анимацияларға ата-аналар абай болсын!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде сырт көзге күлкілі мультфильм секілді көрінетін, бірақ астарында баланың санасына теріс әсер ететін бейнероликтер көбейіп кетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ресми түрде ескерту жасады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мәселе неде?
«Brainrot» (аудармасы — «ми шіруі») хэштегімен тарап жатқан қысқа анимациялық видеолардың ұзақтығы небәрі 15–45 секундты құрайды. Бірақ бұл қысқа уақыт ішінде баланың психикасына әсер ететін вербалдық триггерлер (мән-мағынасыз, бірақ қайталанатын және есте қалатын сөздер) жасырылады.
Мысалы:
• «Траллалеро траллаеро» — шын мәнінде діни қорлау элементтері бар сөздер.
• «Бомбардино крокадило — мен Палестинадағы балаларға бомба тастағанды ұнатамын» — жасырын дыбыстық деңгейде берілетін зорлық-зомбылықты насихаттайтын фраза.
Қауіп неде?
Комитет мәліметінше, мұндай контент:
• Баланың адамгершілік құндылықтарына кері әсер етеді;
• Агрессивті мінез-құлыққа итермелеуі мүмкін;
• Психоэмоциялық саулыққа қауіп төндіреді.
Министрлік қандай шаралар қабылдап жатыр?
Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеге қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап, Мәдениет және ақпарат министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне жолдады.
Ата-аналарға кеңес:
• Баланың не көріп, кіммен байланысып жүргенін бақылаңыз;
• Ашық әңгімелесіп, күмәнді видеолар жайлы пікірлесіңіз;
• Күмән тудыратын бейнематериалдар байқалса, бірден құзырлы органдарға хабарлаңыз.
Ұмытпаңыз: балаңыздың қауіпсіздігі — сіздің саналы араласуыңызға тікелей байланысты!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı