Автор: ADMIN
Тіркелмеген смартфонды 14 күннен кейін де дүкенге қайтаруға болады – жаңа ереже
25 маусымнан бастап тіркелмеген смартфондар бұғатталса да, қазақстандықтар оларды дүкенге өткізіп, ақшасын қайтарып ала алады. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Тиісті ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.
– Егер телефон тіркелмеген болып шықса, оны сатушыға қандай жағдай болмасын еш қысылмай қайтаруға болады. Өздеріңіз білетіндей, бізде тауарды қайтару үшін 14 күндік мерзім бар. Егер құрылғыда айқын зақым болмаса (мысалы, телефон ашылмаған болса) онда оны 25 маусымнан кейін қайтаруға болады, – деп түсіндірді шенеунік.
Қандай телефондар қайтарылады?
Мәжіліс депутаттары дәл қазір «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Бұл шара – тіркелмеген смартфондар бұғаттала бастағаннан кейін туған жағдайға байланысты қабылданған.
Сейсембековтің айтуынша, дүкендер жаңа талаптардан хабардар. Ал егер сатып алушы тіркелмеген телефонды сатып алса, оны кейін де тіркете алады.
– Біз осындай шешім қабылдадық. Баж төленгенін растау немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет емес. Бұл азаматтарымыздың ыңғайы үшін және бейімделу кезеңі үшін жасалған. Болашақта ережелер қайта қаралып, ақылы рәсім енгізілуі мүмкін. Бірақ бұл туралы қосымша хабарлаймыз, – деді ол.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
Изменены порядок оформления водительского удостоверения
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения