Автор: ADMIN
Дания фастфуд пен газды сусын жарнамасына шектеу қояды
Дания билігі балалардың денсаулығына алаңдап, үлкен қадамға бармақ. Елдің экономика министрлігі енді 15 жасқа дейінгі балаларға зиянды тағамдар мен газды сусындарды жарнамалауға шектеу қоюды жоспарлап отыр. Ең бастысы – бұл тыйым атақты адамдар мен компаниялардың қатысуымен жасалатын жарнамаларға да қатысты болады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа бастаманың мақсаты – артық салмақпен күресу. Қазіргі таңда Данияда да семіздікке шалдыққан балалар саны өсіп келеді. Мамандардың айтуынша, егер жағдай өзгермесе, 2045 жылға қарай ел тұрғындарының жартысы семіздікке тап болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бұл үрдісті растап отыр: балалар зиянды өнімдердің жарнамасына тез сенеді. Әсіресе, танымал тұлғалар мен инфлюенсерлердің сөзі олар үшін заңмен тең. Осы себепті Дания үкіметі жарнама әлеміндегі “тәтті өтірікке” шектеу қоймақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Sır önerpazdarı Şveycariya sahnasında
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу