Автор: ADMIN
Су аспаннан түспеген: Ғалымдар Жердегі тіршілік көзінің жаңа сырын ашты
Ғылымда бұрыннан бері судың пайда болуы жайлы түрлі болжамдар айтылып келген еді. Енді ғалымдар судың тек сырттан – метеориттермен келгені туралы пікірге балама нұсқа ұсынды. Бұл туралы Shalqar.kz Discover порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеушілер энстатитті хондрит деп аталатын ерекше метеоритті зерттеп, таңқаларлық тұжырымға келген. Бұл метеориттің құрылымы мен химиялық құрамы алғашқы Жердің материалдарына ұқсайды. Антарктидада табылған үлгі LAR 12252 деп аталады.
Рентген сәулелерінің көмегімен зерттеу жүргізу барысында оның құрамында жердің терең қабаттарынан табылуы мүмкін көп мөлшердегі күкіртсутек анықталған. Зерттеуші Том Берреттің айтуынша, мұндай деңгейдегі зат сырттан келген нысаннан емес, планетаның ішкі құрылымынан ғана шығуы мүмкін.
– Бұл жаңалық судың пайда болуына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Яғни, су біз ойлағандай метеоритпен келмеген, ол Жердің өз ішінде табиғи жолмен қалыптасқан, – дейді зерттеу авторлары.
Осылайша, су – тіршіліктің бастауы ғана емес, Жердің өзіндік эволюциясының бір бөлігі болуы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı