Автор: ADMIN
«Алтын адамды» әлемге танытқан ғалым: Бүгін Кемел Ақышевтың туған күні
Бүгін – қазақ археологиясының негізін қалаған, «Алтын адамды» алғаш болып тапқан көрнекті ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 101 жыл. Ол – Қазақстан ғылымының алып тұлғасы, археологияны жаңа деңгейге көтерген тарихи қайраткер, деп хабарлайды Shalqar.kz.
1924 жылы Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде дүниеге келген Кемел Ақышев жастайынан білім мен ізденіске бет бұрды. Соғыс жылдары майдан шебінде болғанымен, кейін ғылым жолына түсіп, көне дәуір құпияларын зерттеуге кірісті.
Кемел Ақышевтың есімі Есік қорғанынан табылған «Алтын адаммен» тығыз байланысты. Бұл жаңалық Қазақстан тарихын әлемге әйгілі етті. Бұдан бөлек, ғалым Бесшатыр, Отырар, Шілікті сияқты ежелгі ескерткіштерді зерттеп, ерте темір дәуірінің мәдениетін ғылыми тұрғыдан негіздеді.
2000 жылы ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде археологиялық реконструкция лабораториясын құрды. Зерттеушілік еңбегі еленіп, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы мен «Парасат» орденін иеленді.
Бүгінде елордадағы №69 мектеп-гимназиясы ғалымның есімімен аталады. Ұлт тарихының шежіресін жаңғыртқан тұлғаның еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
سشا پولنوستьيۋ ۆىۆەدۋت ۆويسكا يز يراكا دو 30 سەنتيابريا
SŞA polnost'yu vıvedut voyska iz Iraka do 30 sentyabrya
США полностью выведут войска из Ирака до 30 сентября
Последние новости
AQŞ 30 qırküyekke deyin äskerin Iraktan tolıq şığaradı
اقش 30 قىركۇيەككە دەيىن اسكەرىن يراكتان تولىق شىعارادى
SŞA polnost'yu vıvedut voyska iz Iraka do 30 sentyabrya