Автор: ADMIN
Аспандағы алып қонақ: Эйфель мұнарасындай астероид Жердің жанынан өтпек
24 мамырда Жерге алып астероид жақындайды. NASA дерегінше, көлемі әйгілі Эйфель мұнарасымен шамалас 2003 MH4 астероиды біздің планетамыздың маңынан ұшып өтпек, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Аспан денесінің диаметрі – 335 метр. Ол сағатына 30 060 шақырым жылдамдықпен қозғалып келеді. Уақыт бойынша Жерге ең жақын сәті – IST уақытымен 16:07-де (Қазақстан уақытымен шамамен 17:37-де). Дегенмен NASA мамандары бұл нысанның Жерге соғу қаупі жоқ екенін айтып, халықты алаңдамауға шақырды.
Алайда мұндай аспан қонақтары ғалымдар үшін аса маңызды. Себебі олар Күн жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы тың деректер береді. Жыл сайын мыңдаған астероидтар бақылауға алынады, ал олардың бірқатары “потенциалды қауіпті” санатқа енеді. Сол себепті NASA, ESA (Еуропалық ғарыш агенттігі) сынды ұйымдар арнайы жүйелер арқылы оларды үздіксіз бақылайды.
Бүгінде технологияның дамуының арқасында біз бұрын тек қиял-ғажайып фильмдерден көретін көріністерге шынайы көзбен қарай бастадық. Бұл тек ғылым үшін ғана емес, адамзаттың қауіпсіздігі үшін де маңызды. Ғарыш – әлі де сырын толық ашпаған кеңістік. Ал мұндай оқиғалар – бізге соны еске салып тұратын белгі секілді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı