Автор: ADMIN
Есту қабілеті шектеулі жандарға арналған жаңа тіл заңдастырылуы мүмкін
Қазақстанда қазақ ымдау тілі мен дактиль әліпбиін дамытуға бағытталған маңызды жоба қолға алынды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қазіргі таңда елімізде ресми танылған ымдау тілі жоқ, бұл есту қабілеті шектеулі азаматтардың білім алу, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу және қоғам өміріне араласу мүмкіндігін шектеп отыр. Көшербаевтың айтуынша, қазақ ымдау тілінің пайда болуы – инклюзияны арттыратын және тең мүмкіндіктерге жол ашатын тарихи бастама болмақ.
“Ымдау тілін әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе негізге алынады. Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия, Испания сынды елдерде мұндай тіл ресми түрде қолданылады. Қазақстан бұл тәжірибені өз ерекшеліктеріне бейімдейді”, – деді вице-премьер.
Жоба аясында дактиль әліпбиі жасалып, арнайы сөздік құрастырылады. Сонымен қатар, ымдау тілі аудармашыларын даярлайтын бағдарламалар мен оқулықтар енгізу жоспарланған. Бұл бастама мектептер мен әлеуметтік мекемелерде де кеңінен қолданылмақ.
Айта кетейік, қазақ дактиль әліпбиі алғаш рет 1998 жылы енгізіліп, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған “Әліппе” оқулығында қолданылған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı