Автор: ADMIN
Қазақстан шағын футбол құрамасы АҚШ-пен кім мықтыны анықтайды

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан шағын футболдан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы маңызды матчқа шығады. Біздің жігіттер F тобындағы кезекті қарсыласы – АҚШ құрамасымен күш сынасады. Қарсылас осал емес, бірақ жеңіс үміті де бар. Матч Астана уақытымен 21:35-те басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей тамашалауға болады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қазақстан құрамасы бұған дейін Польшамен ойнап, 1:2 есебімен жеңілген, ал Босния және Герцоговинамен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Енді топтан шығу үшін АҚШ-пен ойындағы нәтиже шешуші болмақ.
Жалпы, биылғы чемпионатқа 32 құрама қатысып жатыр. Жарыс Бүкіләлемдік шағын футбол федерациясының (WMF) бастамасымен ұйымдастырылған. Айтулы дода 1 маусымда өз мәресіне жетеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өткен, 2023 жылғы чемпионатта плей-офф кезеңінде Румынияға пенальти сериясында есе жіберіп (2:2, пенальти 11:12), ширек финалға жете алмаған еді.
Әлем чемпионаты алғаш рет 2015 жылы өткізілді және сол уақыттан бері әр екі жыл сайын өтеді. Турнирлердің географиясы да ауқымды: Тунис, Аустралия, БАӘ – барлығы осы жарыстың алаңына айналды. 2021 жылы пандемияға байланысты турнир өтпей қалды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет