Автор: ADMIN
Қазақ қызы Азияны бағындырды: 10 000 метрде алтын жүлде!
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан алғашқы алтын медальін жеңіп алды. Бұл жолы еліміздің атын әйгілі еткен — Дейзи Джепкемей, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ол 10 000 метрге жүгіруде қарсыластарына шаң қаптырып, 30 минут 48.44 секунд нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті. Бұл көрсеткіш – Азия деңгейінде жоғары нәтиже саналады.
Жарыста екінші және үшінші орындарды Жапония құрамасының мүшелері Ририка Хиронака (30:56.32) мен Микуни Яда (31:12.21) еншіледі.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші медалі. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль еншілеген болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu