Автор: ADMIN
COVID қайта оралып жатыр ма? Министрлік жаңа штам туралы не дейді

Әлемде COVID-19 індетінің жаңа штамы тіркеліп жатқан тұста, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-та тіркелген NB.1.8.1 деп аталатын жаңа нұсқа вирустың бұрынғы түрлеріне қарағанда әлдеқайда жұқпалы. Ол алғаш рет биыл қаңтарда Қытайда анықталған.
Алайда, министрлік Қазақстанда жағдай алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Биыл жыл басынан бері елде COVID-19 індетінің 362 жағдайы тіркелген. Бұл – өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе төмен көрсеткіш. Ең бастысы – өлім-жітім жоқ, сырқаттардың бәрі жеңіл формада өтіп, амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Нақты қандай штамдар анықталды?
Қазақстанда COVID-19 айналымы тоқсан сайын зерттеліп отырады. Биыл анықталған жағдайлардың барлығы – “Омикрон” нұсқасына жатады. Оның ішінде JN.1 қосалқы түрі және LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6, KP.3.1.1 тармақтары тіркелген.
Министрлік әлемдегі және ел ішіндегі жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіп отыратынын ескертіп, сақтық шараларын елемеуге болмайтынын еске салады. Маска мен жеке гигиенаны сақтау — бұрынғыдай өзекті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى

В Казахстане создано новое министерство: искусственный интеллект выходит на первый план
Последние новости

Qazaqstannıñ 15 öñirinde dauıldı eskertu: twman, üsik pen nayzağay kütiledi

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى