Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Следуй за нами

19

Алматы 5 аймаққа бөлінеді: Қала қайда және қалай дамиды?

news single

Алматы моноорталықты қаладан полиорталықты мегаполиске айналады. Қала әкімдігі 2040 жылға дейінгі бас жоспар аясында бес ірі полиорталық құруды көздеп отыр. Бұл – Алматының болашағына бағытталған ауқымды қадам, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Жаңа жобаның мақсаты – іскерлік белсенділікті бір орталықтан бөліп, қаланың әр аймағына даму серпіні беру. Сонымен қатар, көлік жүктемесін азайтып, қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру.

Жаңа полиорталықтар қайда құрылады және не болады?

Солтүстік полиорталығы — Алматы-1 вокзалының маңында
Қызмет көрсету секторын дамытуға арналған. Шағын бизнеске арналған кеңселер, Үлкен Алматы каналы мен Баум тоғайы бойында скверлер мен демалыс орындары салынады.

Батыс полиорталығы — Алматы-3 вокзалы мен Боралдай көлік хабы аумағында
90 гектарлық саябақ, этнографиялық “Сақ қорғандары” паркі, жаңа көпсалалы аурухана кешені мен инфрақұрылым нысандары жоспарланған.

Оңтүстік-батыс полиорталығы — Райымбек даңғылы мен Алатау көшесінің қиылысы
Өндірістік мини-парктер, сауда, логистика және әкімшілік-іскерлік орталықтар орналаспақ.

Тарихи орталық — “Алтын шаршы” аймағы
Байтұрсынов, Абай, Зенков және Жібек Жолы көшелерімен шектелген аумақта тарихи-мәдени ғимараттар қалпына келтіріледі. Өндіріс нысандары қарастырылмаған.

Шығыс қақпа полиорталығы — Талғар мен Құлжа тас жолдарының қиылысы
Алматының жаңа логистикалық орталығы осында орналасады.

Жаңа полиорталықтар қаланың теңгерімді дамуын қамтамасыз етіп, әр ауданның өз “шағын мегаполисіне” айналуына мүмкіндік береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться