Автор: ADMIN
Ташкенттен алтынмен оралды: Қазақ теннисшілері 7 медаль жеңіп алды
Қазақстандық жас спортшылар халықаралық аренада тағы да ел мерейін үстем етті. Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 турнирінде біздің құрама 7 медаль иеленді. Оның үшеуі – алтын, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жеңіс тұғырына көтерілгендер:
• Алан Құрманғалиев – 19 жасқа дейінгі санатта топ жарды.
• Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова – 19 жасқа дейінгі аралас жұптар сайысында алтын иеленді.
• Аделя Алжанова – 11 жасқа дейінгі бәсекеде қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.
Күміс жүлде иесі – 11 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста өнер көрсеткен Назерке Болатбек.
Қола медаль иегерлері:
• Дарья Гамова – 19 жасқа дейін,
• Алексей Маркин – 15 жасқа дейін,
• Жәния Бекмұхамбетова – 13 жасқа дейін.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкенттен 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен елге оралды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu