Автор: ADMIN
Алматыда тегін TikTok мектебі ашылады: контент жасауды үйренгісі келген жастарға мүмкіндік!

Алматы жастарына жақсы жаңалық! Елімізде алғаш рет TikTok платформасында контент жасауды үйрететін тегін мектеп ашылады. Бұл ерекше жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдап отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Креативке толы курс екі айға жалғасады және аралас форматта өтеді: жартысы – онлайн, жартысы – офлайн. Сабақтарды 23 миллионнан астам аудиториясы бар танымал TikTok маманы мен блогер өткізеді.
Не үйретіледі?
• TikTok трендтері мен платформаның алгоритмдері
• Контент жасау мен сторителлинг негіздері
• Видео түсіру мен монтаждау әдістері
• Жеке бренд қалыптастыру
• Аудиториямен тиімді байланыс орнату
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы бұл жобаны жастардың шығармашылық әлеуетін ашатын және цифрлық индустрияға бағыттайтын таптырмас мүмкіндік ретінде бағалап отыр.
Алғашқылардың бірі болып тіркелген — Ернар Сембеков. Ол:
«Бұл мектеп мен үшін контентпен дұрыс жұмыс істеуді үйренуге үлкен мүмкіндік. Сарапшылардан ақыл-кеңестер алып, өз идеяларымды сәтті жобаларға айналдыруды үйренемін деп үміттенемін», – дейді.
Өтінім қабылдау 6 маусымға дейін жалғасады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى