Автор: ADMIN
Байқоңырға – 70 жыл: Президент тарихи ғарыш айлағын мерейтойымен құттықтады

Бүгін адамзат тарихындағы тұңғыш ғарыш айлағы — «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толды. 1955 жылы іргетасы қаланған бұл нысан Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды стратегиялық және ғылыми кешен саналады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мерейтой қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Баршаңызды «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын! 1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты. Содан бері Байқоңырдан мыңдаған Жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды. Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін! Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы арадан космосқа аттанды. Еліміз халықаралық ғарышты игеру ісінің белсенді мүшесі саналады.», – делінген Президенттің құттықтауында.
«Байқоңыр» — әлемдік ғылым мен техника жетістіктерінің символы. Дәл осы жерден 1961 жылы Юрий Гагарин алғашқы болып ғарышқа аттанған еді. Сол кезден бастап Байқоңыр — жүздеген халықаралық зымыран мен ғылыми спутниктердің ұшу алаңына айналды.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім бойынша Байқоңыр кешені бірлесіп пайдаланылып келеді. Сонымен қатар ел үкіметі отандық ғарыш саласын дамыту үшін жаңа жобалар мен бағдарламаларды іске асырып жатыр.
70 жыл ішінде Байқоңыр тек ғарыш айлағы ғана емес, ғаламға көз тіккен адамзаттың арманын жүзеге асырған символға айналды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى