Автор: ADMIN
Оңтүстік Кореяда билік ауысты: Жаңа президент – Ли Чжэ Мён
Оңтүстік Кореяда кезекті президент сайлауы елдің болашағына үлкен бетбұрыс әкелді. Оппозициялық Демократиялық партияның өкілі Ли Чжэ Мён жеңіске жетіп, ел тізгінін қолына алды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жалпы халықтың 79 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан, бұл — 1997 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ли Чжэ Мён 48,8 пайыз дауыс жинап, өз қарсыласы, биліктегі Азаматтық билік партиясының үміткері Ким Мун Судан басым түсті (42,1%).
Сайлау қорытындысы жарияланған соң Ли Чжэ Мён алғашқы сөзінде ел ішіндегі саяси шиеленісті тоқтатуды басты міндет ретінде атады:
«Сіз маған сеніп тапсырған бірінші миссияңыз — азаматтық соғысты тоқтату», — деді жаңа президент.
Ким Мун Су жеңілгенін ресми түрде мойындап, баспасөз мәслихатын өткізді.
61 жастағы Ли Чжэ Мён таяу күндері ресми түрде қызметке кірісіп, саясаттан бастап мәдениетке дейін барлық салада реформалар жасамақ. Ол Ұлттық Ассамблеяда салтанатты түрде ант береді. Бұл жолғы ұлықтау рәсімі қысқа әрі ресми өтпек — өтпелі кезеңдік комиссия құрылмайды.
Сарапшылар жаңа президенттің алғашқы қадамдары елдегі ішкі және сыртқы саясатта жаңа леп әкеледі деп болжайды. Сонымен қатар, ол билеуші және оппозициялық партиялармен, сондай-ақ парламент спикерімен келіссөздер жүргізеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Алматы ко Дню Республики открыли сразу четыре школы
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу