Автор: ADMIN
Дәрі бағасы арзандай ма? Қазақстанда дәрі-дәрмекке жаңа есеп жүйесі енгізілуде

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қайта есептеу басталды. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын белгілеу моделін өзгертіп, негізсіз үстемеақыларды алып тастау арқылы бағаны төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.
“Дәрілерге баға белгілеу моделі өзгерді. Бұрын қосылған негізсіз үстеме бағалар алынып тасталды”, – деді вице-министр.
Ескі жүйеде дәрі-дәрмек бағасына маркетинг, тасымалдау, кедендік рәсімдеу және басқа да үстемақылар қосылатын. Жаңа модель бойынша тек бір ғана үстеме ақы есептелмек – өндірушінің зауыттағы бағасына қосылатын тікелей үстеме.
“Бұл жүйе тәжірибе жүзінде сыналды. Соның негізінде, 1 шілдеге дейін елімізде тіркелген барлық дәрі-дәрмек бағасы қайта есептеледі”, – деді Ержан Нұрлыбаев.
Жаңа жүйе нәтижесінде халық көп тұтынатын препараттар бағасы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Бұл әсіресе әлеуметтік аз қамтылған топтар мен созылмалы ауруға шалдыққан науқастар үшін тиімді болмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет