Автор: ADMIN
Қырғызстанда ағза ауыстыру ережесі қатаңдай түсті: енді тек жақын туыстар донор бола алады

Қырғызстанда ағза трансплантациясына қатысты жаңа ереже қабылданды. Енді тірі адамның мүшесін тек ең жақын туыстары ғана бере алады. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті бекіткен арнайы құжатқа сүйене отырып, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Кім донор бола алады?
Жаңа ереже бойынша донор болу құқығы:
• ата-аналарға,
• кәмелетке толған балаларға,
• аға-інілер мен әпке-сіңлілерге,
• атасы мен әжесіне,
• арғы атасы мен арғы әжесіне беріледі.
Яғни, тек тегі ортақ, заң жүзінде расталатын туыстар ғана донор бола алады. Бейтаныс адамның ағзасын алу мүлде тыйым салынады.
Ағза немесе тін ауыстыру операциясы тек басқа емдеу әдістері тиімсіз болған жағдайда ғана жасалады. Ол үшін арнайы медициналық қорытынды қажет. Мұндай операцияны тек Қырғызстандағы бірқатар мемлекеттік медициналық мекемелерде ғана жасауға рұқсат етілген. Атап айтқанда:
• Режеп Тайып Ердоған атындағы Қырғыз-түрік достығы ауруханасы,
• М.М.Мамакеев атындағы Ұлттық хирургия орталығы,
• Ана мен бала ұлттық орталығы,
• Ош мемлекеттік университетінің медициналық клиникасы.
Құжатта трансплантация тек ерікті және мәжбүрлеусіз жүргізілуі тиіс деп жазылған. Адам ағзасын сатуға және сатып алуға заң жүзінде тыйым салынады.
Бүгінде Қырғызстанда бүйрек, бауыр және сүйек кемігін (қан түзетін жасушалар) трансплантациялау рұқсат етілген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Bügin – külli mwsılman qauımı üşin qasietti Qwrban ayt merekesi!

Началось лето: куда поехать отдыхать?

Маусым айында қазақ тарихында қандай маңызды оқиғалар болды?
Последние новости

Bügin – külli mwsılman qauımı üşin qasietti Qwrban ayt merekesi!

بۇگىن – كۇللى مۇسىلمان قاۋىمى ۇشىن قاسيەتتى قۇربان ايت مەرەكەسى!

Jaz bastaldı: endi qayda barıp demaluğa boladı?