Автор: ADMIN
Шерзат Полаттың өлімі: Сот үкімі жарияланды, ең жоғары жаза – 23 жыл
Жетісу облысында үлкен резонанс тудырған Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Талдықорғанда өткен сот отырысында 16 жастағы жасөспірімнің өліміне кінәлі деп танылған 9 адамға қатысты шешім жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сот шешімі қандай болды?
Қылмыстық топтың мүшелеріне келесідей жаза тағайындалды:
• Абзал Шынасыл – 23 жыл бас бостандығынан айырылды;
• Равиль Сакиев – 20 жыл;
• Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл;
• Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылдан жаза алды;
• Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл;
• Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай.
Еске салайық:
Шерзат Полаттың өлімі 2023 жылы елді дүр сілкіндірген оқиғалардың бірі болды. Бұл іс бойынша барлығы 9 адамға айып тағылған болатын.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай өткен аптадағы жарыссөз барысында айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза тағайындауды сұраған еді. Сот шешімі сол ұсынысқа сай шықты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı