Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2025-06-07 10:59:00

Следуй за нами

56

Құрбан айт: Түркияда құрбандық шалу кезінде 14 мыңнан астам адам жарақат алды – не себеп?

news single

Түркияда Құрбан айт мейрамы кезінде 14 372 адам құрбандық шалу барысында жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Министрдің айтуынша, бұл сан тек ауруханаға жүгінген азаматтарға ғана қатысты. Жарақат алғандар ең көп тіркелген қала – Анкара (1 049 адам), одан кейін Стамбул (753 адам) мен Конья (655 адам) тұр.

“Құрбандық шалумен тек кәсіби мамандар айналысуы керек”, – деп жазды министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Құрбан айт мейрамы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да халыққа қауіпсіздік шараларын сақтауды ескерткен болатын.

Сарапшылардың айтуынша, құрбандық шалу – діни рәсім ғана емес, қауіпсіздік пен гигиена талаптарын мұқият сақтауды қажет ететін процесс. Өкінішке қарай, Түркияда бұл ережелерді елемеудің салдары мыңдаған жарақатпен аяқталды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться