Автор: ADMIN
Билл Гейтс 200 млрд долларын Африкаға жұмсамақ — әлемнің ең бай адамы неге дәл осы құрлықты таңдады?
Әлемнің ең бай адамдарының бірі, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзінің бар байлығын дерлік Африка құрлығының дамуына арнамақ. Оның айтуынша, келесі 20 жылда ол шамамен 200 миллиард доллар көлемінде қаржы салып, алғашқы медициналық көмекті жетілдіру мен халықтың өмір сапасын жақсартуға күш салады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
«Мен байлығымды келесі 20 жылда беру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл қаржының көп бөлігі Африкадағы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталады», – делінген Билл және Мелинда Гейтс қорының 2 маусымдағы ресми мәлімдемесінде.
Гейтс әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлмек. Оның пікірінше, денсаулық сақтау инфрақұрылымына салынатын бұл инвестиция Африка халқының тағдырын түбегейлі өзгерте алады.
Гейтс қоры бұған дейін де Африкада вакцинация, ауруларды бақылау және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жобалар жүргізген болатын. Ал бұл жаңа қадам құрлықтағы ең ірі жеке филантропиялық инвестиция болмақ.
Неліктен дәл Африка? Сарапшылардың пікірінше, бұл аймақ әлі күнге дейін тұрақты медициналық қызметке мұқтаж. Гейтс осы олқылықты толтыруды мақсат етіп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı