Автор: ADMIN
ӘЧ-2026: Қазақстан — Солтүстік Македония. Тағдыр шешер текетірес

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі аса маңызды матчқа шығады. Қарсылас — тәжірибелі Солтүстік Македония құрамасы. Ойын “Астана Аренада” сағат 18:50-де өтеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл — іріктеудің үшінші туры. Матч нәтижесі Қазақстанның топтағы тағдырына, әрі қарай жарысты жалғастыру мүмкіндігіне тікелей әсер етпек. Сондықтан бүгінгі текетірес — турнирлік жолдың шешуші кезеңдерінің бірі.
Жақында Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізіп, ірі есеппен жеңілді. Ойыннан кейін жанкүйерлер мен сарапшылар арасында түрлі сұрақтар туындады. Команданың қорғаныс шебіндегі әлсіздік пен жас ойыншылардың тәжірибесіздігі көзге ұрып тұрды.
«Бұл жағдай ресми матч алдындағы команданың моральдық ахуалына әсер етті. Дегенмен бүгінгі ойын – бәрін өзгертуге мүмкіндік», – дейді футбол сарапшысы Асқар Қожабергенов.
Солтүстік Македония — мықты әрі тәжірибелі команда. Олар жуырда ғана Бельгиямен тең ойнап, жоғары деңгейлі ойын көрсетті. 2021 жылы Қазақстан дәл осы құрамамен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілген болатын.
Қазақстан үшін бұл – тек үш ұпай емес, өз беделін, жанкүйер сенімін және болашаққа сенімділікті қайтару ойыны.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет