Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Следуй за нами

31

Үй техникасын енді Қазақстанның өзі шығарады: жаңа зауыттар іске қосылды

news single

Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісі қарқын алып келеді. Бұрын тек шетелден тасымалданатын теледидар, кір жуғыш машина мен тоңазытқыштар енді елімізде құрастырылып жатыр. Бұл – ішкі сұраныс, инвестиция және заманауи технологиялардың ұштасқан жетістігі, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Мысалы, Қарағанды облысындағы “Silk Road Electronics” зауыты 2024 жылы 181 мыңнан астам техника шығарды. Оның ішінде теледидарлар мен кір жуғыш машиналар Samsung компаниясының қолдауымен жоғары сапада құрастырылып жатыр.

Алматы облысы, Жармұхамбет ауылындағы “ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY” ас үй техникасын шығарып жатыр. Олар да өндірісті кеңейтіп, жуырда теледидар, мұздатқыш және тоңазытқыш сияқты өнімдерді шығара бастамақ.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы “Алатау” АЭА орналасқан “DS Multimedia CA” зауыты Xiaomi брендінің теледидарларын 2024 жылдың ақпанынан бастап шығара бастады. Қазірдің өзінде 50 мың дана техника өндірілген.

Мұның бәрі – Қазақстан индустриясының жаңа тынысы. Үкімет бұл саланы қолдап, өндірісті жергіліктендіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында нақты қадамдар жасауда.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться