Спорт

Автор: ADMIN

Спорт

Следуй за нами

43

Жәнібек Әлімханұлы абсолют чемпион атағына бір қадам жақын! Үш белбеу – бір жекпе-жекте

news single

Қазақ боксындағы басты үміт, орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 13 қыркүйекте өтетін тарихи бокс кешінде өз өнерін көрсетуге бел буып отыр. Оның қарсыласы – WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес. Жекпе-жек өтуі мүмкін алаң – Лас-Вегас, ал басты кештің өзі – Сауль “Канело” Альварес пен Теренс Кроуфордтың кездесуі, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде Әлімханұлы мен Адамес арасындағы кездесуді Канело мен Кроуфордтың андеркартында көруді қалайтынын жарыса жазуда. Жәнібек те бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, рингке шығуға әзір екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желідегі жанкүйерлердің менің Адамеспен жекпе-жегімді Канело мен Кроуфордтың кешіне қосуды сұрап жатқанын байқадым. Мен бұл ұсынысты толықтай қолдаймын. Қуана келісемін! Рингке шығуға дайынмын! – деп жазды ол өз парақшасында.

Бір ғана жекпе-жекте үш чемпиондық белбеудің тағдыры шешілуі мүмкін:
 • Жәнібектің WBO титулы,
 • Адаместің WBC белбеуі,
 • Сонымен қатар, WBA “супер” титулы да осы кеште иесін табуы ықтимал.

Бұл жағдай кездесуді жай ғана бәсеке емес, орта салмақтағы ең маңызды біріктіруші жекпе-жектердің қатарына шығарып отыр.

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы супержекпе-жек 2025 жылдың басты спорт оқиғаларының біріне айналмақ. Кешті ұйымдастырушы – саудиялық ықпалды тұлға Турки әл-Аш-Шейх, ол соңғы жылдары бокс әлеміндегі ең үлкен шоулардың артында тұрған адам.

Жәнібек үшін бұл тек белбеулер ғана емес – абсолют чемпион атағына бір қадам. Қазақ жанкүйерлері бұл жекпе-жектің ресми жариялануын тағатсыздана күтуде.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться