Автор: ADMIN
Алматыда енді дәрі-дәрмектерді қоқысқа тастауға болмайды: арнайы қабылдау орындары ашылды
Алматы тұрғындары енді жарамсыз немесе қолданылмай қалған дәрілерін дұрыс әрі қауіпсіз түрде өткізе алады. Қаладағы 36 емханада арнайы контейнерлер орнатылып, дәрі-дәрмектерді кәдеге жарату жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мұндай бастама Алматы әкімдігі мен экологиялық ұйымдардың бірлескен жобасы ретінде жүзеге асуда. Мамандардың айтуынша, жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді үйдегі қоқысқа тастау — қоршаған орта мен адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
«Дәрілер — бұл жай ғана қалдық емес. Олар — қауіпті заттар. Белсенді химиялық құрамдар топыраққа және суға түсіп, экожүйеге зиян келтіруі мүмкін», — делінген қалалық әкімдік хабарламасында.
Қандай дәрілерді өткізуге болады?
Контейнерлерге келесі заттарды салуға болады:
• таблеткалар мен капсулалар,
• майлар, гельдер, кремдер,
• ампулалар мен сироптар,
• сұйық дәрілер және ерітінділер.
Маңызды: инелер, шприцтер немесе қан жұққан медициналық қалдықтар қабылданбайды — олар басқа тәртіппен жойылады. Дәрілерді өткізер алдында тығыз пакетке салып, мықтап байлап апару қажет.
Контейнерлер орналасқан емханалар тізімі EcoNetwork.kz сайтында жарияланған.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздің дәрі-дәрмекке тым тәуелді екенін, әсіресе импорттық өнімдердің көлемі шектен тыс көбейіп бара жатқанын айтқан еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu