Автор: ADMIN
Жәмилә Бақбергенова — әлемдік рейтингтің көшбасшысы!
Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресі бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартылған тізімінде жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жәмилә 2025 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, бірден 10 000 ұпайды еншілеген. Бұл нәтиже оның жалпы ұпайын 51 000-ға жеткізіп, жаһандық көшбасшылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, Бақбергенова биылғы маусымда өзінің тұрақтылығымен, шеберлігімен және жеңіске деген жігерімен ерекше көзге түсіп отыр.
• 2-орында — 45 000 ұпай жинаған жапониялық Ами Иши;
• 3-орында — Моңғолияның өкілі Болортунгалаг Зоригт (34 700 ұпай).
Жәмилә Бақбергенованың бұл жетістігі — тек жеке жеңіс емес, қазақстандық әйелдер күресінің биік деңгейін көрсететін көрсеткіш.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
ينفلياتسييا ۆ يانۆارە سوستاۆيلا 12,2%: راستۋت تسەنى نا توپليۆو
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo