Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықты және денсаулық сақтау объектілерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдады. Сонымен қатар орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері туралы, әскери-патриоттық тәрбие мәселелері жайлы заңдар екінші оқылымда қабылданып, «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы Қазақстан-Ресей келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификацияланды.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықты және денсаулық сақтау объектілерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігіне аудит жүргізу» тақырыбындағы Жоғары аудиторлық палатаның баяндамасын назарға алды. Аудит нәтижесімен Жоғары аудиторлық палатаныңтөрағасы Әлихан Смайылов таныстырды.
– 2024 жылы республикадағы фармацевтика нарығының көлемі 1,2 триллион теңге болса, оның 84 пайызын шетелде өндірілген өнімдер құрайды. Отандық компаниялар жеткізетін дәрі-дәрмектер ассортименті 968-ден 507-ге дейін, яғни 2 есеге жуық азайған. Өндірістің локализациясына және инвестициялық міндеттемелерге мониторинг жүргізілмейді. Бұл талаптарды формалды түрде орындауға және жағдайды теріс пайдалануға әкеледі, – деді Әлихан Смайылов.
Аудит дәрі-дәрмекті нарыққа шығару процедураларының шамадан тыс бюрократияланғанын және ұзақ уақыт алатынын анықтады. Бірыңғай дистрибьютор жаңа дәрі-дәрмекті сатып алуы үшін ол бес түрлі тізбеге енгізілуі қажет. Қолдан жасалған шектеулер салдарынан сатып алудың басым бөлігі бір ғана өнім берушінің қатысуымен өткізіледі. Мұндай жағдай бағаның өсуіне әкеледі.
Сондай-ақ қазіргі сараптау, тіркеу және қадағалау тәртібінде олқылықтар бар, фармакологиялық қадағалау құралдары тиімсіз. Палата басшысы шарттардың дер кезінде жасалмауы мен жеткізу кестелерін сақтамау, дәрілік заттардың шығарылуы мен айналымын бақылау жүйелеріне қатысты басқа да бірқатар мәселені атап өтті.
Өз кезегінде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов отандық фармацевтиканы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын айтты.
Депутат жаңа дәрілерді тіркеу мерзімін бір айға дейін қысқартуды, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды дер кезінде қайта қарауды, тиімсіз дәрілерді алып тастауды және қажетті дәрілерді жедел енгізуді қамтамасыз етуді ұсынды.
– Шекті баға әлемдегідей 30 пайыздан аспауы керек. Баға белгілеу әдістемесін қайта қарау, «пайызға пайыз» қағидасын алып тастап, нақты шығындар мен халықаралық тәжірибені ескеру қажет. Жыл сайынғы максималды бағаларды автоматты түрде реттеу механизмін жаңарту, бағаны бақылаудың электронды жүйесін енгізу маңызды, – деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ комитет басшысының айтуынша, СҚ «Фармацияны» реформалау қажет. Яғни, логистиканы дамыту, бәсекелестік, есеп беру мен ашық ережелерді енгізу керек. СҚ «Фармация» дәрілерді делдалдардан емес, тікелей зауыттардан сатып алууға тиіс. Дәрілік заттардың тапшылығын немесе артық болуын болдырмау үшін сатып алуды серпінді жоспарлау механизмін енгізген жөн. Ашық цифрлық есеп беру жүйесін құру да маңызды.
ПАРЛАМЕНТ САҒАТЫ
Автор: ADMIN
ПАРЛАМЕНТ САҒАТЫ
2025-06-04 00:14:00
39
Мәжіліс Жоғары аудиторлық палатаның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы аудит нәтижелері туралы есебін назарға алды

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар
Последние новости

Жаңалықтар
2025-07-01
Jaña jüye: Qazaqstanda käsibi qabıldauşı otbasılar balanı internatsız qabıldaydı
Все новости
Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться