Автор: ADMIN
Үндістан аспанында апат: 232 жолаушы мінген ұшақ құлады
Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған Air India әуе компаниясының рейсі аспанда ұзақ ұша алмады. 232 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі отырған AI-171 рейсі ұшып шыққаннан көп ұзамай апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақ Мегханинагар ауданы маңында жерге құлаған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оқиға орнында дүрбелең туындап, тұрғындар мен куәгерлер үрейге бөленді. Қазіргі уақытта құтқарушылар апат аймағында қарқынды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ішкі істер министрі Амит Шах оқиғаға дереу араласып, Гуджарат штатының басшыларымен және Ахмедабад полициясымен тікелей байланысқа шықты. Ал Азаматтық авиация министрі Рам Мохан Найду жағдайды көзбен көріп, әрекеттерді үйлестіру үшін тікелей оқиға орнына жол тартты.
Ресми органдар жақын арада қосымша ақпарат береді деп күтілуде. Қазіргі таңда халық оқиғаның мән-жайына алаңдаулы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ياپونييا پلانيرۋەت زاكۋپاتь نەفتь يز كازاحستانا
پۋتين كاسىپكەرلەرگە ۋكرايناعا قارسى سوعىسقا قارجى سالۋدى ۇسىندى
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana