Автор: ADMIN
Үндістандағы алапат апат: ұшақ құлап, 133 адам мерт болды
Бүгін Үндістанның Ахмедабад қаласындағы әуежай маңында болған жантүршігерлік апат елді дүр сілкіндірді. Air India әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы көкке көтерілген соң небәрі 5 минуттан кейін құлаған. Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлап, апат орны алапат өрт пен хаосқа айналды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
India Today және News18 деректеріне сүйене отырып, қазіргі мәлімет бойынша кем дегенде 133 адам қаза тапқан. Ұшақта барлығы 242 адам болған — оның ішінде 12 экипаж мүшесі бар.
Жолаушылардың азаматтығы:
• 169-ы – Үндістан азаматы
• 53-і – Ұлыбритания
• 7-і – Португалия
• 1 – Канада азаматы
Қазір жараланғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілуде. Оқиға орнында жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полиция үздіксіз жұмыс істеп жатыр.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди елдің азаматтық авиация және ішкі істер министрлеріне Ахмедабадқа барып, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырған.
Ал Ахмедабад әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді
28 قازان – حالىقارالىق انيماتسييا كۇنى
Qazaqstan delegaciyası Türki äleminiñ II Jastar forumına qatıstı
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения