Автор: ADMIN
2026 – Білім жылы болмақ па? Тоқаев маңызды ұсыныс айтты
Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы» деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Президент бұл бастама Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі тереңдетуге сеп болатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қытай тарапының Орталық Азиямен ынтымақтастыққа арналған атаулы жылдар ұйымдастыру бастамасына қолдау білдіріп, келесі жылды “Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы” деп жариялауды ұсынды. Бұл қадам елдеріміздің гуманитарлық ықпалдастығын жандандырады.
Тоқаев Қытай тарапының бастамаларын қолдайтынын білдіріп, Шанхай мен Алматы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың басқа да өңірлері арасында бауырластық қатынастың нығайып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен бірге ол Сиань – Алматы бағытындағы алғашқы туристік пойыздың жолға қойылғанын құптап, бұл оқиғаның Ұлы Жібек жолының тарихи рухын қайта тірілткенін айтты.
Саммит аясында мәдени орталықтар ашу, креативті индустрия мен туризмді дамыту мәселелері де талқыланды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى