Автор: ADMIN
16 миллион адамның жеке деректері желіге тарап кетті – министрлік түсініктеме берді
Қазақстанда 16,3 миллион адамның жеке деректері интернетте таралғаны туралы ақпарат қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрлікке қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қазір құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, тарап кеткен мәліметтердің нақты әрі өзекті екендігін анықтап жатыр.
«Алдын ала жүргізілген талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынған болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік жүйелерден деректердің таралуы немесе хакерлік шабуыл тіркелген жоқ», – деп хабарлады министрлік өкілдері.
Егер адамның жеке деректері тарап кеткен мәліметтер арасында болса, оған электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы хабарлама жіберіледі.
Министрлік бұған дейін болған ұқсас жағдайларда қызмет көрсету саласы мен микроқаржы ұйымдарының ескі базаларынан алынған деректер таралғанын еске салып отыр.
«Жағдай министрліктің жіті бақылауында. Қосымша ақпарат тексеріс аяқталғаннан кейін жарияланады», – делінген ресми хабарламада.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Дело Жанабыловых направлено в суд
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд