Автор: ADMIN
Канада орманынан “Отче наш” дұғасы жазылған көне руна тасы табылды
 
            Канададағы Солтүстік Онтарио орманында ерекше археологиялық жаңалық тіркелді – жартас бетінде руна таңбасымен ойылып жазылған көне дұға табылды. Мамандар бұл жазуды әлемде сирек кездесетін жәдігер деп отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оқиға орман ішіндегі жартасқа алып ағаш құлап, оның астындағы жазуды ашып тастағаннан кейін белгілі болған. Мамандардың айтуынша, бұл – Солтүстік Америка аумағынан табылған ең үлкен көлемдегі руна жазуы, әрі ол “Отче наш” дұғасының толық нұсқасын қамтиды.
Жаңалықты Онтарио археологиялық зерттеулер және ағарту орталығы растады. Олар тастың ені 1,2 метр, ұзындығы 1,5 метр екенін және онда 255 руна таңбасы мен 14 белгі, сонымен қатар қайықта отырған 16 адамның бейнесі ойылып салынғанын хабарлады.
Жазу төртбұрыш тәрізді құрылыммен бедерленген. Тастың маңыздылығын анықтау үшін орталық әлемдегі руна жазуы бойынша жетекші маман, Швециядағы Уппсала университетінің профессоры Хенрик Уильямсты арнайы шақыртқан.
«Бұл – нағыз руна жазуы. Бірақ ол викинг дәуіріне жатпайды. Бұл – XVI–XIX ғасырлар аралығында Швецияда қолданылған жазу түрі. Жазуды швед жазған болуы мүмкін, бірақ ол адам Канадаға қалай және қашан келгені белгісіз», – дейді профессор Уильямс.
Зерттеушілер енді тастың шығу тегі мен оны ойып жазған адам туралы нақты деректер табуға тырысып жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
 
                        Басты жаңалықтар
 
    Ipoteka berudi uaqıtşa toqtatqan bankter qayta qosa bastadı
 
    يپوتەكا بەرۋدى ۋاقىتشا توقتاتقان بانكتەر قايتا قوسا باستادى
 
    Платные дороги принесли в бюджет 62 миллиарда тенге
Последние новости
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
 
    Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
 
            