Автор: ADMIN
Дастан Сатпаев – әлемнің ТОП-3 жас футболшысының қатарында!
Қазақ футболының жас жұлдызы, “Қайрат” клубының вингері Дастан Сатпаев әлем назарын өзіне аударды. Ол 17 жасқа толмаған футболшылар арасындағы ең қымбат үш ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Transfermarkt сайты жариялаған жаңа рейтинг бойынша, Сатпаевтың трансферлік құны — 1,8 миллион еуро. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемдік рейтингте 3-орында тұр. Дастан — бұл тізімге енген жер жүзіндегі жалғыз қазақстандық футболшы.
Жас таланттардың үздік үштігі:
1. Хильберто Мора (Мексика, “Тихуана”) – 3 млн еуро
2. Натан Де Кат (Бельгия, “Андерлехт”) – 2,5 млн еуро
3. Дастан Сатпаев (Қазақстан, “Қайрат”) – 1,8 млн еуро
Жанкүйерлерге еске сала кетсек, 2025 жылдың ақпанында “Қайрат” Дастанның ағылшындық “Челси” клубына сатылғанын ресми мәлімдеген болатын. Алайда ол 18 жасқа толғанша “Қайрат” сапында өнер көрсетуді жалғастырады.
Биылғы маусымда небәрі 16 жастағы Сатпаев Премьер-лигада 13 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерді. Бұл көрсеткіштер жас ойыншы үшін – ерекше нәтиже!
Бұған дейін де Сатпаев Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы атанған болатын. Енді ол әлем аренасында да өз орнын дәлелдеп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu