Автор: ADMIN
Қауіптің ортасынан – аман оралғандар: Тағы 144 қазақстандық Израиль мен Ираннан эвакуацияланды
Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалға байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жолы 144 қазақстандық Израиль мен Ираннан қауіпсіз аймақ арқылы эвакуацияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Израильден 66 отандасымыз Мысыр аумағы арқылы шығарылған. Ал Ираннан 78 азамат елге жеткізілген: олардың 73-і Армения арқылы, 2-еуі Әзербайжан арқылы, ал қалған 3-еуі Түрікменстан аумағы арқылы эвакуацияланған.
Қазақстанның Иран мен Израильдегі дипломаттары отандастарымызға қажетті консулдық және құқықтық қолдау көрсетіп келеді. Министрлік бұл үдерісте қолдау танытқан Израиль, Мысыр, Армения, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан биліктеріне алғыс білдірді.
“Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз қауіпсіз түрде үйлеріне оралуда”, – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Таяу Шығыс шиеленіс аймағынан 109 қазақстандық елге жеткізілген болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى