Автор: ADMIN
2026 жылдан бастап есту қабілеті нашар балаларға құрылғылар тегін беріледі
Қазақстанда 2026 жылдан бастап есту қабілеті нашар балаларға мемлекет есебінен есту аппараттары мен аудио процессорлар тегін берілмек, деп хабарлайды Shalqar.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, I–III дәрежелі есту кемістігі бар балалар жергілікті бюджет есебінен қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
“2026 жылдан бастап балаларға арналған есту аппараттары мен аудио процессорлар жергілікті бюджет есебінен тегін берілетін болады”, – делінген ресми хабарламада.
Бұл – тек бір жаңалық қана. Министрлік 2024 жылғы медициналық жетістіктер туралы бірқатар мәлімет ұсынды:
• Балаларға медициналық көмекке бөлінген қаржы көлемі екі есеге өсіп, 575,4 млрд теңгеге жеткен;
• 2024 жылы 1700-ден астам жүрекке ота жасалған, оның 809-ы бір жасқа толмаған нәрестелерге жасалған;
• Заманауи технология мен неонаталдық реанимацияның арқасында шала туған, салмағы өте төмен нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 4 есе артқан;
• Онкогематология саласында жылына 5 мың бала ем алады, ал шетелге жолдама екі есе қысқарған – өйткені бұл көмек елімізде де қолжетімді;
• Балалардағы қатерлі ісікпен күресте өмір сүру деңгейі 75 пайыздан асты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding
Последние новости
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding