Автор: ADMIN
Екі жыл үзілістен кейін жарқ еткен жеңіс: Зарина Дияс Испанияда чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 деңгейіндегі турнирде топ жарды. Бұл — жарақаттан кейін үлкен спортқа оралған спортшының биылғы үшінші жеңісі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Әлемдік рейтингте 275-орында тұрған Зарина жарыстың фавориттерінің бірі ретінде тіркелді. Финалға дейінгі барлық қарсыласын сенімді жеңіп шыққан ол шешуші матчта италиялық Дилетта Керубинимен (№446) кортқа шықты.
Бірінші партияда Дияс қарсыласын қыспаққа алып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте де басымдық байқалды: 5:3 есебімен алда келе жатып, қарсылас есепті теңестіріп, тай-брейкте басым түсті — 7:6 (7:4). Алайда шешуші үшінші сетте Зарина еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1 есебімен жеңісті өз қолына алды.
Екі сағатқа созылған бұл матч – Диястың спорттағы табандылығының жарқын дәлелі. Екі жыл үзілістен кейін 2024 жылы қайта оралған теннисші осылайша үшінші рет ITF турнирінде жеңімпаз атанып отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ينفلياتسييا ۆ يانۆارە سوستاۆيلا 12,2%: راستۋت تسەنى نا توپليۆو
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo