Автор: ADMIN
Жаңа жүйе: Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасылар баланы интернатсыз қабылдайды
1 шілдеден бастап Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша отбасылық ортаға орналастырудың жаңа форматы – кәсіби қабылдаушы отбасы моделі енгізілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл жүйе балаларды интернатқа емес, бірден дайын, арнайы оқудан өткен отбасыларға тапсыруға мүмкіндік береді. Әрбір мұндай отбасы 4 балаға дейін тәрбиелеуге құқылы. Тәрбиешілер міндетті түрде арнайы дайындықтан өтеді, ал балаларды қабылдау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды.
Басты артықшылық – баланың психологиялық күйзелісін азайту және оны жылылыққа толы отбасылық ортада тәрбиелеу. Мұндай тәрбиешілерге жәрдемақы мен еңбекақы да қарастырылған.
Бүгінде елімізде балаларды отбасына орналастырудың 4 формасы бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы. Енді соған кәсіби қабылдаушы отбасы қосылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى