Автор: ADMIN
Қазақстан футзалшылары Италиямен жолдама үшін таласады
Қазақстан ұлттық футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін плей-офф кезеңінде Италиямен тартысты матч өткізбек. Қос кездесу 15 пен 24 қыркүйек аралығында өтеді. Алғашқы ойын сырт алаңда, ал қарымта матч өз алаңымызда жанкүйерлердің көз алдында болады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бас бапкер Кака шәкірттері Еуро жолында осал емес қарсыласқа тап болды. Италия құрамасы — Еуропа чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Екі елдің соңғы кездесуі 2016 жылғы чемпионаттың ширек финалында өтіп, Қазақстан 5:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен.
Іріктеу кезеңінде біздің құрама екінші орынды иеленіп, 10 ұпай жинады. Топ жеңімпазы – Армения (16 ұпай). Қазақстан құрамасы Албанияны екі мәрте, Данияны бір рет жеңіп, Армениямен тең түсті. Алайда Армения мен Даниядан бір матчта ұтылып қалды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Еуропа чемпионаты Словения, Латвия және Литвада өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo